Қордай: Аудан бас имамы «Атамқұл» мешітін зерделеді

Қордай: Аудан бас имамы «Атамқұл» мешітін зерделеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы іссапармен Отар ауылындағы «Атамқұл» мешітіне барып, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді. Зерделеу барысында мешіттегі діни-ағартушылық жұмыстардың жүргізілу барысы, жамағатпен байланыс, тазалық пен тәртіп мәселелері қаралды.

Сонымен қатар мешіт қызметкерлерінің жұмысы сараланып, алдағы уақытта атқарылатын міндеттер бойынша тиісті бағыт-бағдар берілді. Аудан бас имамы мешіт жұмысының жүйелі жүргізілуі, жамағат арасында ауызбіршілік пен ынтымақты нығайту, діни сауаттылықты арттыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Алла Тағала мешіттеріміздің берекесін арттырып, атқарылып жатқан игі істерге қайыр берсін! Жамағатымызға ауызбіршілік, ел-жұртымызға амандық пен тыныштық нәсіп етсін. Әрбір жасалған ізгі амал қабыл болып, баршамызға екі дүниенің жақсылығын нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: