Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Отар ауылындағы «Ұлан» мешітіне арнайы барып, «Жат ағым жарға жығады» тақырыбында жұма уағызы мен намазын өткізді. Жұма намазынан кейін аудан бас имамы мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар жамағатпен жүздесіп, өзекті мәселелер бойынша сұхбаттасты. Кездесу барысында жамағаттың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, мешіт жұмысына қатысты бірқатар мәселелер талқыланды. Зерделеу жұмыстарына мешіт молдасы Оразалиев Қанатбай қолдау көрсетіп, мешіттің атқарып жатқан жұмыстары жөнінде ақпарат беріп, жамағатпен кездесуді ұйымдастыруға атсалысты.
Алла Тағала мешіттерімізге береке беріп, жамағатымыздың бірлігін бекем етсін! Жасалып жатқан игі істерді қабыл алып, ел-жұртымызға амандық пен тыныштық нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



07 Қазан 2026
24 Раби-сани 1448

