Қордай: «Имам Ағзам Абу Ханифа» мешітін аудан бас имамы зерделеді

Қордай: «Имам Ағзам Абу Ханифа» мешітін аудан бас имамы зерделеді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Абдразахов Азамат Отар ауылындағы «Имам Ағзам Абу Ханифа» мешітіне арнайы барып, мешіт жұмысымен танысты және зерделеу жұмыстарын жүргізді.

Мешіт имамы Рахимбердиев Рахат аудан бас имамына мешіттің, мешіт жанындағы асхананың тыныс-тіршілігін таныстырып, атқарылып жатқан діни-ағартушылық жұмыстар жөнінде ақпарат берді. Зерделеу барысында мешіттің жамағатпен байланысы, діни насихат жұмыстары, тазалық пен тәртіп мәселелері қаралды.

Сонымен қатар алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша тиісті бағыт-бағдар берілді. Алла Тағала мешіттерімізге береке беріп, атқарылып жатқан игі істерді қабыл етсін! Имамдарымызға күш-қуат, жамағатымызға ауызбіршілік, ел-жұртымызға амандық пен тыныштық нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: