Қордай ауданы, Қордай ауылы, Барыс мөлтек ауданындағы «Нұрислам» мешітінде жамағаттың басын қосқан айлық дастархан ұйымдастырылды. Дастархан барысында Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы сөз сөйлеп, жамағат арасындағы ауызбіршілік пен өзара сыйластықтың маңызы жөнінде насихат айтты.
Бас имам мешіт жамағатын ынтымақ пен татулықты берік сақтап, бір-біріне қолдау көрсетуге шақырды. Іс-шара ұлттық ойындармен жалғасын тауып, жамағат арасында арқан тарту жарысы ұйымдастырылды.
Белсенділік танытып, жеңіске жеткен азаматтарға кітаптар сыйға тартылды. Жиын соңында Алла Тағаладан жамағаттың бірлігін бекем етіп, ел-жұртқа амандық, әр шаңыраққа береке мен ынтымақ нәсіп етуін тілеп дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



06 Қазан 2026
23 Раби-сани 1448

