Қордай: Бас имам сағаты өтті

Қордай: Бас имам сағаты өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы аудандық «Қордай» мешітінің жамағатымен кезекті «Бас имам сағатын» өткізді. Кездесу барысында бас имам жамағатқа ауызбіршілік пен ынтымақтың маңызы тақырыбында насихат айтып, мұсылман қауымы арасындағы өзара сыйластық, татулық пен бірліктің қоғамдағы орнына тоқталды. Сонымен қатар, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

Кездесу барысында мешіт жұмысына қатысты өзекті мәселелер де талқыланды. Жиын соңында бас имам жамағатты өзара бірлікті нығайтып, татулық пен бауырмалдықты сақтауға шақырды. Алла Тағала елімізге амандық, халқымызға ынтымақ пен береке беріп, баршамызды ауызбіршілікте ғұмыр кешетін ізгі құлдарынан етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: