Қордай: Әлжан ана ауылында кіші футбол ойын алаңы ашылды

Қордай: Әлжан ана ауылында кіші футбол ойын алаңы ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Әлжан ана ауылында жастардың спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік беретін кіші футбол ойын алаңы пайдалануға берілді. Спорт алаңы ауыл тұрғындарының демеушілігімен жүзеге асырылып, игі бастаманы «Құдайберген» мешітінің молдасы Саламат Салімұлы ұйымдастырды.

Жаңа алаңның ашылу рәсіміне ауыл әкімі, ауыл ақсақалдары және мешіт өкілдері қатысып, ізгі тілектерін білдірді. Ашылу шарасы аясында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылып, оған 16 команда қатысты. Нәтижесінде Меркі командасы – I орын, Әлжан ана командасы – II орын, Қордай командасы – III орын иеленді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге бағалы сыйлықтар табысталды. Сонымен қатар, мешіт асханасында Құран оқылып, спортшылар мен қонақтарға ас берілді.

Жиын барысында жастарға спортпен шұғылданудың пайдасы, салауатты өмір салтын ұстану және бос уақытты тиімді өткізудің маңызы жөнінде насихат айтылды. Іс-шара соңында Алла Тағаладан ел-жұртқа амандық, ауыл тұрғындарына береке, жастарға денсаулық пен пайдалы ілім нәсіп етіп, осындай игі бастамалардың қайырлы болуын тілеп дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: