Қордай ауданы, Масаншы ауылындағы мәдениет үйінде «Қазақ тілін дамыту және экстремизмнен сақтану» тақырыбында жиналыс өтті. Жиынға Масаншы ауылының әкімі Буларов Хусеин, теолог Саидов Мұхтар және Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы қатысты.
Кездесу барысында қазақ тілін дамыту, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту және жастардың тілге деген құрметін арттырудың маңызы айтылды. Сонымен қатар діни сауаттылықты көтеру, экстремизм мен радикалды идеологияның алдын алу, теріс діни ағымдардан сақтану мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қоғамдағы тұрақтылықты сақтау, бірлік пен өзара сыйластықты нығайту жөнінде пікір алмасты. Жиын соңында Алла Тағаладан елімізге тыныштық, халқымызға ынтымақ пен береке, жастарымызға пайдалы білім мен дұрыс бағыт нәсіп етіп, түрлі теріс ағымдардан сақтауды тілеп дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



06 Қазан 2026
23 Раби-сани 1448

