Қордай ауданы, Әлжан ана ауылында қайырымдылық шарасы жалғасын тапты. «Құдайберген» мешітінің молдасы Аманбаев Саламаттың ұйымдастыруымен әлеуметтік жағдайы төмен төрт отбасыға азық-түлік пен ет таратылды. Қайырымдылық шарасы барысында үш қой сойылып, отбасыларға үлестірілді. Игі іске жалпы 450 мың теңге қаражат жұмсалды.
Қайырымдылықтың мақсаты – мұқтаж отбасыларға қолдау көрсетіп, олардың жағдайына қарай көмек беру. Алла Тағала осы игі іске себепкер болған барша азаматтардың жасаған қайырымдылығын қабыл етіп, ризық-несібелеріне береке берсін. Мұқтаж жандарға көмек көрсетуді баршамызға нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


06 Қазан 2026
23 Раби-сани 1448

