Қордай ауданының бас имамы Азамат Берікұлы Масаншы ауылындағы «Қордай Құран қариларын дайындау орталығына» іссапармен барып, медреседе білім алып жатқан 1-курс шәкірттерімен кездесті.
Кездесу барысында бас имам шәкірттерге «Білімнің артықшылығы» тақырыбында насихат айтты. Өз сөзінде білім алудың адам өміріндегі маңызына тоқталып, діни біліммен қатар әдеп пен тәртіпті ұстанудың, ұстазды құрметтеудің және алған білімді дұрыс бағытта қолданудың маңызын түсіндірді.
Сонымен қатар, шәкірттерді білім алуға жауапкершілікпен қарап, ізденісті үздіксіз жалғастыруға, уақытты тиімді пайдалануға және қоғамға пайдалы азамат болуға үндеді. Кездесу соңында шәкірттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Алла Тағала шәкірттердің білімін арттырып, алған ілімдерін пайдалы етіп, ел игілігіне қызмет етуді нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

