Қордай: «Адал қоғам – рухани байлықтың негізі» тақырыбында бас қосу өтті

Қордай: «Адал қоғам – рухани байлықтың негізі» тақырыбында бас қосу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Жамбыл ауылының мәдениет үйінде ауыл тұрғындары мен жастардың қатысуымен «Адал қоғам – рухани байлықтың негізі» тақырыбында тағылымды кездесу өтті. Іс-шараны «Әл Хафиз» мешітінің молдасы Таукеев Талғат ұйымдастырып, «Өтеген» мешітінің ұстазы Атанбаев Нұрсұлтан қатысты.

Кездесу барысында қоғамдағы адалдықтың маңызы, адам бойындағы имандылық пен жауапкершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету және жастардың рухани тәрбиесі жөнінде насихат айтылды. Сонымен қатар, адал еңбек ету, өзара сыйластық пен қоғамдық ортада жақсы мінез қалыптастырудың маңызы түсіндірілді. Жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, рухани құндылықтарды дәріптеу мен салауатты қоғам қалыптастыру жолдары жөнінде пікір алмасты.

Қорытындысында Алла Тағаладан елімізге амандық, халқымызға береке, жастарымызға иман мен ізгілік, әр шаңыраққа тыныштық нәсіп етіп, адалдық пен адамгершілікті ту еткен ізгі жандардан болуды жазғай деп дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: