#Мойынқұм: Имамдарға дәріс өткізу әдебі түсіндірілді

#Мойынқұм: Имамдарға дәріс өткізу әдебі түсіндірілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайдың қатысуымен мешіт имамдарына арналған жиналыс өтті.

Жиында мешіттерде дәрістерді жүйелі әрі мазмұнды өткізу мәселелері талқыланды. Бас имам имамдарға дәріс жүргізу әдебі, жамағатпен дұрыс қарым-қатынас орнату және діни тақырыптарды тыңдаушылардың деңгейіне сай, түсінікті тілде жеткізудің маңыздылығын түсіндірді.Сонымен қатар, дәрістерде қамтылатын тақырыптар сараланды.

Жиын соңында мешіттердегі діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп, жамағатқа пайдалы әрі тағылымды дәрістер ұйымдастыру бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: