#Мойынқұм: Имамдарға уақып туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді

#Мойынқұм: Имамдарға уақып туралы түсіндірме жұмысы жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайдың қатысуымен мешіт имамдарына арналған түсіндірме жиын өтті.

Жиын барысында уақыптың исламдағы орны мен маңызы, оның қоғамға тигізер пайдасы және уақып мүлкін дұрыс басқарудың маңыздылығы түсіндірілді. Бас имам уақыптың сауапты амал екеніне тоқталып, дін қызметкерлеріне бұл бағыттағы жұмыстарды жамағат арасында кеңінен насихаттау қажеттігін айтты.

Сонымен қатар, мешіт имамдарына уақып мәселесіне қатысты өзекті сұрақтар түсіндіріліп, пікір алмасу жүргізілді.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: