#Мойынқұм: Мойынқұм ауданында имамдар жиналысы өтті

#Мойынқұм: Мойынқұм ауданында имамдар жиналысы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайдың қатысуымен аудан мешіттерінің имамдарына арналған жиын өтті.

Жиын барысында пәтуа мәселелеріне жауапты дін мамандарының атқаратын жұмыстары талқыланды. Атап айтқанда, шариғи үкімдерді дұрыс жеткізу, діни мәселелерге жауап беру кезінде білім мен жауапкершілікті басшылыққа алу, халыққа түсінікті әрі сауатты түрде насихат жүргізу мәселелері сараланды.

Сонымен қатар, мешіттердегі діни-ағартушылық жұмыстарды жүйелеу және жамағатқа дұрыс діни ақпарат жеткізу бағытындағы міндеттер сөз болды.

Жиын соңында дін қызметкерлеріне пәтуаға қатысты мәселелерде мұқият болу, шариғат талаптарын негізге алып, халыққа діни үкімдерді дұрыс әрі түсінікті жеткізу жөнінде тиісті тапсырмалар берілді.

«Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: