#Мойынқұм: Имамдарға дін мен дәстүр тақырыбында жиын өтті

#Мойынқұм: Имамдарға дін мен дәстүр тақырыбында жиын өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінде ауданның бас имамы Ержан Көшкімбайдың қатысуымен мешіт имамдарына арналған жиын өтті.

Жиында дін мен дәстүрдің сабақтастығы, ұлттық құндылықтарды діни насихат барысында дұрыс дәріптеу және халыққа жеткізу мәселелері сөз болды. Сонымен қатар, қазақ халқының салт-дәстүрлерінің ислам құндылықтарымен үндесетін тұстары талқыланып, дін қызметкерлерінің жамағат арасында ұлттық тәрбиені, имандылық пен адамгершілік құндылықтарды насихаттаудағы рөлі сараланды.

Жиын барысында имамдарға діни түсіндіру жұмыстарында дәстүрлі құндылықтарды дұрыс пайдалану, халыққа дін мен дәстүрдің арақатынасын сауатты түсіндіру жөнінде бірқатар ұсыныстар айтылды.

Мойынқұм аудандық «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: