#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті

#Мойынқұм: «Мойынқұм» мешітінде «Пәтуа сағаты» өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мойынқұм аудандық «Шопан ата» мешітінің имамы Бақытжан Мадыханов жамағатқа «Пәтуа сағаты» аясында түсіндірме насихат жүргізді.

Кездесу барысында қоғамда жиі талқыланатын діни мәселелер сөз болып, түрлі пікірлер мен тұжырымдардың шариғат талаптарына қаншалықты сәйкес келетіні түсіндірілді.

Имам діни мәселелерге қатысты ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың маңыздылығына тоқталып, шариғи үкімдерді дұрыс түсініп, дінге қатысты мәселелерде асығыс тұжырым жасамауға шақырды.

Сонымен қатар, жамағаттың көкейінде жүрген сұрақтарға жауап беріліп, күнделікті өмірде кездесетін діни мәселелерге қатысты түсініктемелер берілді.

 «Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: