ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАЙРАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ ҚАЙРАТ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ДИДАРЛАСТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы мен Жуалы ауданының бас имамы Есет Тұрдыбайұлы Қайрат ауылдық мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен жүздесті.

Рухани-тағылымдық басқосу «Халық бірлігі – қоғам тұрақтылығының негізі» тақырыбында ұйымдастырылды. Кездесуге ауыл ақсақалдары, аналар алқасы, белсенді жастар және ауыл тұрғындары қатысты.

Кездесу барысында облыс бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қоғамдағы ауызбіршілік пен ынтымақтың, ата-бабадан жалғасып келе жатқан салт-дәстүр мен асыл дініміздің өзара үндестігінің маңызына кеңінен тоқталды.

«Мемлекеттің мызғымас тұғыры – ел ішіндегі татулық пен ынтымақ. Ислам діні әрдайым бауырмалдыққа, бейбітшілікке және қоғам мүшелерінің өзара келісіміне үндейді. Бірлік бар жерде тірлік те, береке де болады», – деп атап өтті бас имам.

Сонымен қатар Жуалы ауданының бас имамы Есет Тұрдыбайұлы да сөз алып, жастарға дұрыс рухани тәрбие беру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында өз ойын ортаға салды.

Жүздесу соңы сұрақ-жауап форматында жалғасты. Ауыл тұрғындары көкейде жүрген діни, рухани және қоғамдық мәселелерге қатысты сауалдарын қойып, білікті мамандардан тұшымды жауап алды. Жиынға жиналған қауым имамдарға ризашылығын білдіріп, осындай мағыналы кездесулердің жиі өтіп тұруына ниеттерін жеткізді. Кездесу ақсақалдардың батасымен қорытындыланды.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: