Жақсылық жасау – мұсылманның көркем мінездерінің бірі. Осыған орай Жұмабек аға өзінің алма бағынан «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттеріне 150 қорап алма ұшыр садақасын берді.
Ұшыр – егін, бау-бақша, жеміс-жидек секілді жерден алынған өнімнің белгілі бір бөлігін Алла разылығы үшін мұқтаждарға, қайырымдылыққа немесе игі іске беру.
Игі іске мешіт имамдары мен ерікті жамағаттар да қолдау көрсетіп, алмаларды жинап, реттеп, шәкірттерге жөнелту жұмыстарына атсалысты. Алла Тағала Құранда: «Жақсылықтан не жұмсасаңдар да, Алла оны біледі» (Бақара сүресі, 273-аят)
Жасалған бұл қайырымдылық – елге береке, жастарға қуаныш сыйлайтын сауапты амалдардың бірі. Алла Тағала Жұмабек ағаның садақасын қабыл етіп, кәсібіне береке, отбасына амандық берсін!
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі



06 Қазан 2026
23 Раби-сани 1448

