Меркі: «АТАЛАР МЕКТЕБІ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ»

Меркі: «АТАЛАР МЕКТЕБІ – ТӘРБИЕНІҢ БАСТАУЫ»

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Меркі ауданында ұрпақ тәрбиесі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды кездесу өтті.

Аудан бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлының бастамасымен «Жарас ата» мешітінде «Аталар мектебі – тәрбиенің бастауы» тақырыбында ауыл ақсақалдары мен  мешіт жамағатының қатысуымен рухани кездесу ұйымдастырылды.

Жиында атаның отбасындағы және қоғамдағы орны, жас ұрпаққа ақыл-өсиет айту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болу секілді құндылықтар сөз болды. Сонымен қатар дін мен дәстүр сабақтастығы кеңінен түсіндіріліп, халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан өнегелі салт-дәстүрлерінің тәрбиелік мәні айтылды.

Кездесу барысында ауыл ақсақалдары да өз ой-пікірлерін білдіріп, кейінгі буынға үлгі боларлық насихаттарын жеткізді.

Осындай басқосулар үлкеннің батасын, ақылын кейінгі ұрпаққа жеткізіп, ұлттық құндылықтар мен діни тәрбиенің сабақтастығын нығайтуға ықпал етеді.

Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің баспасөз қызметі

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: