Шу қаласындағы №3 қалалық кітапханада жастарға рухани-адамгершілік тәрбие беру мақсатында «Имандылық – ізгілік негізі» атты кездесу кеші ұйымдастырылды.
Іс-шараға арнайы қонақ ретінде наиб имамы Ерғазы Өмірханұлы шақырылды. Кездесу барысында имандылықтың адам өміріндегі маңызы, әдептілік пен тәрбиенің мәні, ата-ананы құрметтеу, Отанды сүю, мейірімділік пен қайырымдылық жасау жөнінде тағылымды әңгімелер айтылды.
Жастар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, дін мен дәстүр, адамгершілік құндылықтар төңірегінде пікір алмасты.
Кездесу соңында қатысушылар рухани құндылықтарды насихаттайтын тағылымды әңгімелердің жастар тәрбиесінде маңызы зор екенін атап өтті.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



06 Қазан 2026
23 Раби-сани 1448

