#Шу: «Төле би» мешітінде айлық дастархан жайылды

#Шу: «Төле би» мешітінде айлық дастархан жайылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Төле би» мешітінің имамы Талғат Кәрібайұлының ұйымдастыруымен мешіт жамағатына арналған айлық дастархан жайылды. Ізгі шараға мешіт жамағаты қатысып, рухани тағылым алды.

Дастархан барысында мешіт имамы Талғат Кәрібайұлы «Намазға берік болу» тақырыбында уағыз айтып, намаздың мұсылман өміріндегі маңызына тоқталды. Жамағатты бес уақыт намазды уақытында оқып, құлшылыққа жауапкершілікпен қарауға үндеді.

Айта кету керек, шара барысында «Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с.) Мәулітін атап өтудің шариғи дәлелі» атты кітап жамағатқа сыйға тартылды.

Шара соңында Құран оқылып, ел-жұрттың амандығы мен берекесі үшін дұға жасалып, бата берілді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: