Тараз: «Танты баба» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

Тараз: «Танты баба» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Танты баба» мешітінде кезекті жұма намазынан кейін жамағатқа палау пісіріліп, таратылды. Бұл шара дәстүрлі қайырымдылық акциясы аясында ұйымдастырылды.

Қасиетті Құран Кәрімнің «Әли-Ғимран» сүресінде Алла Тағала былай дейді: «Жақсы көрген нәрселеріңді (мысалы, дүние-мүлік, күш-қуат, ақыл, білім, т.б.) Алла жолында жұмсамайынша, шынайы түрде жақсылыққа қол жеткізе алмайсыңдар». Осы аяттың мағынасын терең түсінген жамағат, мұндай сауапты істерге белсене ат салысып келеді.

Аталған шараны ұйымдастыруға ат салысқан, алдыңғы қатарда жүрген бауырларымызға Алла Тағала разы болсын және кәсіптеріне береке берсін дейміз. Мұндай игі істер халықтың бірлігін нығайтып, қоғамда өзара көмек пен қайырымдылық дәстүрін жалғастыруға септігін тигізеді.

 

Тараз қаласы баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: