«Ар-Рахман ар-Рахим» мешітінде «Алланың 99 көркем есімі» байқауы өтті

«Ар-Рахман ар-Рахим» мешітінде «Алланың 99 көркем есімі» байқауы өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Ар-Рахман ар-Рахим» мешітінде әйелдер жамағаты арасында «Алланың 99 көркем есімі» атты рухани-танымдық сайыс өтті. Білім сайысын мешіттің әйелдер секторының жетекшісі, ұстаз Зора Айдарова ұйымдастырды.

Байқаудың басты мақсаты — қатысушылардың діни сауатын арттыру, Алланың көркем есімдерін тереңірек танып-білуге бағыттау және алған білімдерін күнделікті өмірде қолдануға ынталандыру.

Сайыс қорытындысы бойынша озық шыққандар анықталып, жүлделі үш орын берілді. Жеңімпаздарға ақшалай сыйлықтар мен рухани білімін жетілдіруге арналған пайдалы діни кітаптар табысталды.

Шара соңында қатысушылар үшін ақ дастархан жайылып, мерекелік шай ішу ұйымдастырылды. Бұл жамағат арасындағы өзара бауырмалдық пен бірлікті нығайта түсті.

Ұйымдастырушылар осындай тағылымды шаралар алдағы уақытта дәстүрлі түрде жалғасатынын жеткізді:

«Алла Тағала баршамыздың ізгі ниетіміз бен еңбегімізді қабыл етіп, білімімізді арттырсын әрі Оның көркем есімдерін үйренуді Өзіне жақындауға себепші еткей! Әмин».

Айта кетейік, имам әл-Бұхари (№ 2736) және имам Мүслим (№ 2677) риуаят еткен хадисте Алла елшісі ﷺ:

«Шын мәнінде, Алланың тоқсан тоғыз — бірсіз жүз есімі бар. Кім оларды жаттап, мағынасын ұғынса (толық білсе), жұмаққа кіреді», — деген.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: