Тараз: «Һибатулла Тарази» медресесіне ұшыр зекеті табысталды

Тараз: «Һибатулла Тарази» медресесіне ұшыр зекеті табысталды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тараз қаласындағы «Һибатулла Тарази» медресесіне шаһар мешіттерінің ұйымдастыруымен қайырымдылық көмек көрсетілді. Бұл игі шара Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Жамбыл облысы бойынша зекет өкілі Ержан Маханұлының ұйымдастыруымен жүзеге асты.

Аталған көмек аясында білім ордасына 50 қап картоп табысталды. Бұл — ұшыр зекеті есебінен бөлінген қайырымдылық көмек. Медресе шәкірттері мен ұстаздары үшін бұл қолдау аса маңызды болып, оқу ордасының тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге септігін тигізеді.

Ұшыр — діндегі маңызды парыздардың бірі. Ол адамның өз малынан, егінінен немесе табысынан белгілі бір бөлігін Алла жолында бөліп беру арқылы жүзеге асады. Мұндай игі істер қоғамда ынтымақ, береке және өзара көмек дәстүрін нығайтады.

Шараны ұйымдастырған бауырларымызға Алла Тағала разы болсын дейміз. Мұндай қайырымдылық істер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

Тараз қалалық мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: