#Шу қаласында жаңа футбол және балалар ойын алаңдары ашылды

#Шу қаласында жаңа футбол және балалар ойын алаңдары ашылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 Шу қаласында тұрғындар үшін маңызды әлеуметтік нысандар – жаңа футбол алаңы мен балаларға арналған ойын алаңының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Ел игілігіне берілген нысандар тұрғындардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, бұқаралық спортты дамытуға және жас ұрпақтың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған.

Салтанатты шараға Шу қаласының әкімі Елдос Нұралиев, Шу ауданының әкімі Бақытжан Оразалыұлы Жәнібеков, жергілікті мекеме басшылары, зиялы қауым өкілдері және қала тұрғындары қатысты.

Шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Тоғай» мешітінің имамы Жанат Бадақұлы Сағитов арнайы қатысып, жаңа нысандардың ел игілігіне қызмет етуіне тілектестік білдірді. Имам қасиетті Құран аяттарын оқып, ақ батасын беріп, балалардың дені сау, тәрбиелі болып өсуі үшін спортпен айналысудың маңызын атап өтті.

Шара барысында бүлдіршіндер жаңа ойын алаңында ойнап, жастар футбол алаңында алғашқы достық кездесуін өткізді. Жаңа нысандардың ашылуы тұрғындардың қуанышына бөленіп, қаладағы бұқаралық спорт пен салауатты өмір салтын дамытуға жаңа мүмкіндік берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: