Тараз: «Әс-Сәләм» мешітінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді

Тараз: «Әс-Сәләм» мешітінде жаңғырту жұмыстары жүргізілді

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

«Әс-Сәләм» мешітінде жамағатқа қолайлы жағдай жасау мақсатында кешенді жөндеу және абаттандыру жұмыстары атқарылды.

Атап айтқанда, ғимараттың кіреберіс бөлігі толықтай сапалы пластик терезелермен қапталып, нысанның жылу сақтау мүмкіндігі едәуір жақсартылды. Бұл салқын мезгілде құлшылық үйінің ішкі температурасын тұрақты ұстауға әрі келушілерге қолайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар мешіттің материалдық-техникалық базасы толықты. Ішкі бөлікке 6 жаңа заманауи акустикалық құрылғы (колонка) орнатылды. Нәтижесінде дыбыс сапасы артып, жамағаттың жұма және күнделікті уағыздар мен діни насихаттарды анық әрі сапалы тыңдауына толық жағдай жасалды.

Мешіт әкімшілігі игі бастамаға қолдау білдіріп, құлшылық орнын жаңғыртуға үлес қосқан барша жанашыр азаматтар мен демеушілерге алғысын білдіреді.

«Алла Тағала баршаңыздың ізгі ниеттеріңіз бен атқарған сауапты істеріңізді қабыл етіп, берекесін еселесін!» — делінген мешіт ұжымының хабарламасында.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: