#Мойынқұм: Шығанақ ауылында отбасы құндылықтары туралы уағыз айтылды

#Мойынқұм: Шығанақ ауылында отбасы құндылықтары туралы уағыз айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шығанақ ауылындағы «Досекеұлы Абсат» мешітінде отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған уағыз жүргізілді. Уағыз барысында әйелдің отбасындағы орны, ерлі-зайыптылар арасындағы өзара сыйластық пен түсіністіктің маңызы кеңінен айтылды.

Мешіт имамы Рақымбай Түсіпов ажырасудың алдын алу, отбасындағы адалдық пен жауапкершілік мәселелеріне тоқталып, шаңырақтың берекесін сақтау үшін ерлі-зайыптылардың бір-біріне құрметпен қарап, қиындықтарды сабырмен әрі ақылдасып шешуі қажеттігін түсіндірді.

Сонымен қатар әкенің отбасы тәрбиесіндегі жауапкершілігі, балаға үлгі болу және отбасы мүшелеріне қамқорлық көрсету жөнінде насихат айтылды.

Уағыз соңында жамағатқа отбасы – қоғамның негізі екені түсіндіріліп, шаңырақтағы татулық пен берекені сақтаудың маңыздылығы ескертілді.

«Мойынқұм» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: