#Шу: Отбасылық кеңес беру орталығында насихат айтылды

#Шу: Отбасылық кеңес беру орталығында насихат айтылды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Шу аудандық «Жәми» мешітінің жанындағы отбасылық кеңес беру орталығында ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев отбасылық мәселелер бойынша келген тұрғындармен кездесті.

Кездесу барысында отбасындағы өзара түсіністік пен сыйластық, ерлі-зайыптылар арасындағы жауапкершілік және отбасы құндылықтары жөнінде насихат-кеңестер айтылды.

Бас имам отбасындағы мәселелерді сабырмен шешіп, бір-бірін түсіну мен кешірімді болудың маңыздылығына тоқталды. Сонымен қатар, тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, мәселелер бойынша тиісті діни тұрғыда кеңестер берді.

Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: