Жамбыл облыстық «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» КММ-нің Шу ауданы бойынша бөлім басшысы Мырзабек Смаилов аудан имамдарымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында діни тұрақтылықты сақтау, қоғамдағы діни сауаттылықты арттыру және жат діни ағымдардың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.
Сонымен қатар, дін мамандарының халық арасында жүргізіп жатқан түсіндіру жұмыстары талқыланып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың негізгі бағыттары айқындалды. Кездесу соңында өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, тиісті ұсыныстар айтылды.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.


01 Қазан 2026
18 Раби-сани 1448

