Шу аудандық «Жәми» мешітінде аудан имамдарының қатысуымен жиын өтті. Жиынды ауданның бас имамы Алмас Кенжемолдаев пен наиб имам Талғат Кәрібайұлы жүргізді.
Жиында дін қызметкерлерінің жыл басынан бергі 9 айда атқарған жұмыстарының нәтижесі сараланды. Мешіттерде жүзеге асырылған діни-ағартушылық шаралар мен жамағатпен жүргізілген жұмыстарға талдау жасалды.
Сонымен қатар, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар талқыланып, негізгі міндеттер айқындалды. Дін мамандарына алдағы кезеңге арналған жұмыс жоспары таныстырылып, тиісті тапсырмалар берілді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



01 Қазан 2026
18 Раби-сани 1448

