Шу ауданына қарасты Төле би ауылындағы аудандық мәдениет үйінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Республикалық ақпараттық-насихат тобының (РАТТ) мүшесі, Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Ризабек Батталұлымен тағылымды кездесу өтті.
«Таза ой – дұрыс бағыт – сау қоғам» тақырыбында өткен басқосуға ауыл тұрғындары мен жастар қатысып, қоғамдағы өзекті мәселелер жөнінде пайдалы мағлұмат алды.
Кездесу барысында ұстаз адам өміріндегі дұрыс ойлау мәдениетінің, ізгі ниет пен көркем мінездің маңызына тоқталды. Әсіресе жас буынның рухани тәрбиесі, білімге ұмтылысы, уақытты тиімді пайдалануы, теріс әдеттерден аулақ болуы және қоғамға пайдалы азамат болып қалыптасуы жөнінде насихат айтылды.
Сонымен қатар отбасы құндылықтарын сақтау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ата-ананы қадірлеу, бір-біріне жанашырлық таныту сынды адамгершілік қасиеттердің қоғамның берекесі мен тұрақтылығына ықпалы кеңінен түсіндірілді.
Жиын соңында қатысушылар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, ұстазбен пікір алмасты. Тағылымды кездесу жастарға дұрыс бағыт-бағдар беріп, рухани құндылықтарды дәріптеуге септігін тигізді.
Шу аудандық «Жәми» мешітінің баспасөз қызметі.



01 Қазан 2026
18 Раби-сани 1448

