Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Тараз қаласы, «Тұрғани» мешітінде қыздарға арналған «Зікірдің маңызы» тақырыбында тағылымды дәріс өтті.
Кездесу барысында зікірдің Құран мен сүннеттегі орны, оның жүрекке беретін тыныштығы, күнделікті өмірде Алланы еске алудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пайдалы насихат пен рухани әсер алды.
Мұндай кездесулер иманды күшейтіп, білімді арттыруға және мұсылман әйелдерінің рухани дамуына өз үлесін қосады.
Алла Тағала алған білімімізге амал етуді нәсіп етіп, жүректерімізді зікірмен нұрландырсын! Әмин.


01 Қазан 2026
18 Раби-сани 1448

