ЖАМБЫЛДЫҚ "ХАЛАЛ ДАМУ" ТЕХНОЛОГЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

ЖАМБЫЛДЫҚ "ХАЛАЛ ДАМУ" ТЕХНОЛОГЫ ҮЗДІК АТАНДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматы қаласында өтіп жатқан «QMDB EXPO-2026» халықаралық көрмесі аясында бірқатар кәсіпорындар мен сала мамандарын марапаттады.

Марапаттау рәсімінде өз саласында үздік нәтиже көрсетіп, адал еңбек пен сапаны басты ұстаным еткен кәсіпорындарға, сондай-ақ ҚМДБ қызметінің түрлі бағыттарының дамуына үлес қосқан мамандарға арнайы марапаттар табысталды.

2026 жылдың «Үздік маман» марапатының иегерлері қатарынан ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкілдігі, "Халал Даму" ұйымының облыстағы технолог маманы Ибрагим Аймекен Амангелдіқызы көрінді. 

Айта кетейік, Аймекен Амангелдіқызы өңірде халал стандартының талаптарын қатаң сақтау, кәсіпорындарға жүйелі бақылау мен қадағалау жүргізу және тұрғындарды сапалы әрі адал өніммен қамтамасыз ету бағытында белсенді еңбек етіп келеді. Жамбылдық маманның бұл жетістігі — өңірдегі «Халал Даму» ұйымының жүйелі жұмысы мен адал кәсіпті насихаттаудағы табанды еңбегінің лайықты бағасы. Әріптесімізді марапатымен құттықтап, жауапты қызметіне береке мен толағай табыс тілейміз.

"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: