ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МАҢҒЫСТАУДА ҚАЗА ТАПҚАН САРБАЗДАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ

ОБЛЫС БАС ИМАМЫ МАҢҒЫСТАУДА ҚАЗА ТАПҚАН САРБАЗДАРДЫҢ РУХЫНА ҚҰРАН БАҒЫШТАДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Бүгін, қасиетті жұма күні Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» орталық мешітінде Маңғыстау облысында әскерде борышын өтеп жүріп, қайғылы жағдайда қаза тапқан сарбаздарға арналып Құран оқылып, дұға бағышталды.
 
Жұма намазынан кейін ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша бас имамы Асқар Зәкіржанұлы қасиетті Құран аяттарын оқып, Отан алдындағы борышын өтеу кезінде бақилық болған сарбаздардың рухына бағыштап, арнайы дұға жасады. Бас имам боздақтардың артында қалған ата-анасына, туған-туыстары мен жақындарына жамағат атынан қайғырып көңіл айтып, сабырлық тіледі.
 
Мешітке жиналған жамағат қаза тапқан сарбаздардың рухына тыныштық, еліміз бен жерімізге амандық, бейбіт өмір тілеп, бір ауыздан қол жайды.
 
Алла Тағала марқұм болған сарбаздардың иманын саламат етіп, жақындарына көркем сабыр нәсіп етсін.
 
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: