МЕРКІ МЕШІТІ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ АЛМА ЖЕТКІЗДІ

МЕРКІ МЕШІТІ МЕДРЕСЕ ШӘКІРТТЕРІНЕ АЛМА ЖЕТКІЗДІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Жамбыл облыстық «Һибатулла Тарази» медресе-колледжінің шәкірттеріне Меркі ауданынан арнайы 140 қорап балғын алма жеткізілді. Ілім жолындағы жастардың қамын ойлап, шәкірттердің игілігі үшін ұйымдастырылған бұл қайырымдылық бастамасына аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Дәуіт Сейітқалиұлы ұйытқы болды.

Ислам дінінде білім алушыларға қолдау көрсетіп, олардың алаңсыз тәлім алуына жағдай жасау – үлкен сауапты іс. 

Оқу орнының ұжымы мен шәкірттері игі шараға атсалысқан барша Меркі жұртшылығы мен бастамашы болған дін өкілдеріне шынайы алғыстарын білдіріп, ел игілігі үшін атқарып жатқан еңбектеріне береке тіледі.

"Һибатулла Тарази" медресе-колледжінің баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: