Қордай: «Дін мен дәстүр» тақырыбында іс-шара өтті

Қордай: «Дін мен дәстүр» тақырыбында іс-шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Жамбыл ауылы «Әл Хафиз» мешітінің молдасы Таукеев Талғаттың қатысуымен балабақша ұжымына арналған «Дін мен дәстүр» тақырыбында тағылымды іс-шара өтті.

Кездесу барысында қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен ислам дініндегі құндылықтардың өзара сабақтастығы кеңінен түсіндірілді. Атап айтқанда, ата-ананы құрметтеу, үлкенге ізет, кішіге қамқорлық көрсету, ағайынмен тату болу, қонақжайлық, қайырымдылық пен өзара сыйластық секілді ұлттық құндылықтардың тәрбиелік мәні сөз болды.

Таукеев Талғат дін мен дәстүрдің ұрпақ тәрбиесіндегі маңызына тоқталып, баланың бойына ізгі қасиеттерді ерте жастан сіңіруде отбасы мен балабақша ұжымының рөлі зор екенін атап өтті. Сонымен қатар дәстүрлі діни түсінікті дұрыс қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және жастар мен өскелең ұрпақты жат діни түсініктерден сақтандыру бағытында да түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Кездесу барысында балабақша қызметкерлері өздерін қызықтырған сауалдарын қойып, діни және ұлттық құндылықтарға қатысты пайдалы мәліметтер алды. Іс-шара соңында ел бірлігі мен ұрпақ тәрбиесінің берекелі болуына тілектестік білдіріліп, игі дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: