Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бас имамы Азамат Берікұлының қатысуымен жамағатқа арналған уақып сағаты өтті. Уақып сағатында «Уақыптың қоғамдағы орны» тақырыбы қозғалып, уақыфтың исламдағы маңызы мен қоғамға тигізер пайдасы түсіндірілді.
Аудан бас имамы уақыптың қайырымдылық пен ізгілікке негізделген игі амалдардың бірі екенін айтып, оның әлеуметтік тұрғыдан мұқтаж жандарға қолдау көрсетуге және қоғамдық игілікке қызмет етуге бағытталғанын атап өтті.
Сонымен қатар жамағатқа уақып мәдениетін қалыптастыру, халық арасында қайырымдылық жасау мен ізгі іске үлес қосудың маңызы жөнінде насихат айтылды. Кездесу соңында жамағаттың сауалдарына жауап беріліп, елдің амандығы мен береке-бірлігі үшін дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

