Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде жамағат мүшелерін 2026 жылғы діни сауат ашу курстарына шақыру жұмыстары жүргізілуде. Діни сауат ашу курстарының мақсаты – жамағаттың діни білімін арттырып, Ислам дінінің негіздерін дұрыс меңгеруіне мүмкіндік жасау. Оқу барысында қатысушыларға Құран әліппесі, намаз оқу тәртібі, ақида және басқа да діни тақырыптар бойынша дәрістер өткізіледі.
Сауат ашу топтарына аудандық мешіттің наиб имамдары мен ұстаздары дәріс беріп, қатысушыларға діни білімді жүйелі түрде меңгеруге бағыт-бағдар көрсетуде. Аталған жұмыстар аудан бас имамы Абдразахов Азаматтың ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда. Алла Тағала баршамызға пайдалы білім нәсіп етіп, алған білімімізді амал етуге жазсын. Жамағатымыздың иманы мен ынтымағын арттырып, ізгі жолда береке берсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

