Қордай ауданы, Сортөбе ауылы «Хамид бен Бадый» мешітінен аудан бас имамы Азамат Берікұлының ұйымдастыруымен «Һибатулла Тарази» медресесіне күзгі көкөністерден ұшыр берілді. Игі бастама діни білім алып жатқан шәкірттерге қолдау көрсету, медресе ұжымына жәрдемдесу және жамағат арасында қайырымдылық пен өзара көмектесу құндылықтарын дәріптеу мақсатында жүзеге асырылды.
Ұшыр ретінде әртүрлі күзгі көкөністер жеткізіліп, медресе шәкірттерінің игілігіне ұсынылды. Алла Тағала жасалған қайырымдылықты қабыл етіп, ел-жұртқа береке, ризық-несібе нәсіп етсін!
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

