Қордай: «Діни экстремизм және радикализм» тақырыбында ашық сабақ өтті

Қордай: «Діни экстремизм және радикализм» тақырыбында ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қордай ауылы «Рахман» мешітінде ұстаздар Айгүл Жолдасқызы мен Шәһидә Әбдімүтәліпқызының қатысуымен «Діни экстремизм және радикализм» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында діни экстремизм мен радикализм ұғымдарының мәні түсіндіріліп, олардың қоғамға тигізетін кері әсері жөнінде ақпарат берілді.

Сонымен қатар діни сауаттылықты арттырудың, діни ақпаратты сенімді дереккөздерден алудың және дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсінудің маңызы айтылды. Ұстаздар қатысушыларға діни мәселелерде асығыс пікірге ермей, білікті мамандардан кеңес алудың қажеттігін түсіндірді. Жастарды теріс діни ағымдардың ықпалынан сақтандыру, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді нығайту бағытында насихат жұмыстары жүргізілді.

Сабақ соңында қатысушыларға ізгі тілектер айтылып, бата берілді. Алла Тағала баршамызға тура жолдан таймай, пайдалы білім мен берекелі ғұмыр нәсіп етсін. Ел-жұртымызға амандық, отбасыларымызға тыныштық, қоғамымызға бірлік пен ынтымақ берсін. Ұрпағымызды түрлі теріс ағымдардан сақтап, иманды, білімді әрі саналы азамат болуын нәсіп етсін!

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: