Қордай ауданы, аудандық «Қордай» мешітінде аудан бас имамы Азамат Берікұлы жамағатқа «Жұма құтпасы оқылып жатқанда намаз оқудың үкімі» тақырыбында пәтуа сағатын өткізді. Пәтуа сағаты барысында жұма намазының тәртібі мен құтпа кезінде орындалатын әдептер түсіндірілді.
Аудан бас имамы құтпа оқылып жатқан уақытта жамағаттың неге назар аударуы керектігіне тоқталып, мешіттегі тәртіп пен тыныштықты сақтаудың маңызын айтып өтті. Сонымен қатар жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, шариғат үкімдері бойынша түсіндірме жасалды. Кездесу соңында жамағатқа пайдалы насихат айтылып, игі дұға жасалды.
Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі


29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

