Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы «Ар-Рахман» мешітінің жастары қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, мұқтаж жандарға көмек көрсетті. Игі бастама аясында жастар әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға қолдау білдіріп, азық-түлік себеттерін табыстады. Қайырымдылық шарасы арқылы мешіт жастары қоғамдағы өзара жанашырлық пен мейірімділікті насихаттады.
Ізгілікке негізделген бұл бастама жастардың қайырымдылыққа деген белсенділігін арттырып, көпшілікке үлгі боларлық сауапты іске айналды. Мешіт жастарының мұндай игі бастамалары алдағы уақытта да жалғасын табады.


29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

