БАЙЗАҚ: ДИҚАН ЖАМАҒАТЫНА ДӘСТҮР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

БАЙЗАҚ: ДИҚАН ЖАМАҒАТЫНА ДӘСТҮР ЖӘНЕ ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданы, Диқан ауылында өткен рухани кездесуде дәстүр және отбасы бөлімінің жетекшісі Бақытбек Бауыржанұлы жамағатпен жүздесіп, отбасы құндылықтары мен ұлттық дәстүрдің маңызы туралы насихат айтты.

Кездесу барысында отбасы – қоғамның негізгі тірегі екені айтылып, ата-анаға құрмет көрсету, ұрпақ тәрбиесі, ерлі-зайыптылар арасындағы сыйластық пен жауапкершілік мәселелері кеңінен сөз болды. Сондай-ақ, халқымыздың салт-дәстүрлері мен ислам құндылықтарының өзара сабақтастығы түсіндіріліп, ұлттық болмысты сақтаудың маңыздылығы насихатталды.

Жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, өзара пікір алмасты. Насихат барысында қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуда отбасының рөлі ерекше екені атап өтілді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: