БАЙЗАҚ: «АДАЛ ҚОҒАМ – ТАТУЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ» ТУРАЛЫ НАСИХАТТАЛДЫ

БАЙЗАҚ: «АДАЛ ҚОҒАМ – ТАТУЛЫҚТЫҢ НЫШАНЫ» ТУРАЛЫ НАСИХАТТАЛДЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданына қарасты Аққия ауылында тұрғындармен кездесу өтіп, «Адал қоғам – татулықтың нышаны» тақырыбы кеңінен насихатталды. Кездесу барысында бас имам Қанат Әділханұлы адалдықтың адам өміріндегі маңызына тоқталып, қоғамдағы өзара сенім мен сыйластықтың негізі шынайылық пен әділдікке байланысты екенін атап өтті.

Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына ағайын арасындағы татулықты сақтау, бірлік пен ынтымақты нығайту, үлкенге құрмет көрсетіп, кішіге ізет білдірудің маңызы түсіндірілді. Тағылымды басқосу барысында тұрғындар өз ойларын ортаға салып, қоғамдағы адамгершілік құндылықтарды дәріптеу жөнінде пікір алмасты.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: