Байзақ: БАС ИМАМ АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Байзақ: БАС ИМАМ АУЫЛ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Байзақ ауданының бас имамы Қанат Әділханұлы Бурыл ауылының халқымен кездесу өткізіп, «Адаспа асыл дініңнен» тақырыбында тағылымды насихат айтты.

Кездесу барысында бас имам Қанат Әділханұлы теріс діни ағымдардың зардабы, дәстүрлі діни ұстанымның ерекшеліктері, ислам дінінің адам өміріндегі маңызына тоқталып, асыл дініміздің құндылықтарын сақтау, имандылықты берік ұстану және ұлттық руханиятты дәріптеу жөнінде ой бөлісті.

Сонымен қатар, жастар тәрбиесі, діни сауаттылықты арттыру және қоғамдағы ауызбіршілік пен өзара құрметтің маңызы сөз болды.

Жиын соңында ауыл тұрғындары көкейдегі сауалдарын қойып, өзара пікір алмасты.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: