Тараз: «Мұхаммед ﷺ – мейірім жаршысы» атты рухани кеш өтті

Тараз: «Мұхаммед ﷺ – мейірім жаршысы» атты рухани кеш өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Мәуліт мерекесіне орай Тараз қалалық Нәметбай мешітінде «Мұхаммед ﷺ – мейірім жаршысы» атты рухани-танымдық кеш өтті. Іс-шараны мешіт ұстазы Жанна Өмірзаққызы ұйымдастырып, кешке 42 адам қатысты.
 
Рухани кештің негізгі мақсаты – Пайғамбарымыз Мұхаммедтің ﷺ өнегелі өмірін насихаттау, көркем мінезі мен адамгершілік қасиеттерін таныту, сүннетін дәріптеу және жамағаттың Алла Елшісіне ﷺ деген сүйіспеншілігін арттыру.
 
Кеш барысында жүргізушілер іс-шараның мазмұнын таныстырып, арнайы «Сүннет үстелі» ұйымдастырылды. Үстелге Пайғамбарымыз ﷺ тұтынған тағамдармен қатар, Құран Кәрімде аталған тағамдар қойылып, олардың діни тұрғыдағы орны мен маңызы жөнінде түсіндірме берілді.
 
Шараның тағылымды бөлімдерінің бірі – Пайғамбарымыз ﷺ дүниеге келгенге дейінгі Жахилия дәуіріндегі қоғамның жағдайын бейнелейтін көрініс болды. Көрініс арқылы сол кезеңдегі қыз балаларға жасалған зұлымдық пен әділетсіздік көрсетіліп, Ислам дінінің адам қадірін көтеріп, қыз балаға құрмет пен мейірімділік әкелгені насихатталды. Қойылымға жеті шәкірт қатысты.
 
Кеш барысында Алла Елшісіне ﷺ салауат айтылып, бес шәкірт арнайы салауат орындады. Оларға жиналған жамағат пен қонақтар да қосылып, бірге салауат айтты.
 
Сонымен қатар қатысушылардың діни білімін арттыру мақсатында Пайғамбарымыз ﷺ-ның өмірі мен сирасына қатысты сұрақтардан тұратын танымдық сайыс ұйымдастырылды. Белсенділік танытып, сұрақтарға дұрыс жауап берген қатысушыларға арнайы сыйлықтар табысталды.
 
Бұдан бөлек, мешіт шәкірттері арасында бір ай көлемінде ұйымдастырылған салауат айту жарысының қорытындысы шығарылды. Жарыс жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлерге рухани мазмұндағы кітаптар табысталды. Атап айтқанда, І орын иегеріне «Сира» ойыны, ІІ орын иегеріне «Адамзаттың асыл тәжі» кітабы сыйға берілді.
 
Рухани кеш барысында Тұрғани мешітінің ұстазы Майрам ұстаз және Нәметбай мешітінің ұстазы Жанна ұстаз уағыз айтып, Пайғамбарымыз Мұхаммед ﷺ-ның көркем мінезі, мейірімділігі, адамгершілігі және сүннетін ұстанудың маңызы жөнінде тағылымды насихат жүргізді.
 
Мәулітке арналған рухани кеш барысында көрініс, салауат, танымдық сайыс, насихат және шәкірттердің белсенділігі өзара үйлесім тауып, қатысушыларға Пайғамбарымыз ﷺ-ның өмірі мен өнегесін тереңірек танып, сүннетке деген сүйіспеншілігін арттыруға мүмкіндік берді.
 
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: