Тараз: «Діни экстремизм және радикализм» тақырыбында ашық сабақ өтті

Тараз: «Діни экстремизм және радикализм» тақырыбында ашық сабақ өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 
Тараз қалалық Нәметбай мешітінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру және қоғам мүшелеріне дұрыс діни бағыт-бағдар беру мақсатында «Діни экстремизм және радикализм» тақырыбында ашық сабақ өтті.
 
Іс-шараны ұстаз Жанна Өмірзаққызы жүргізді. Ашық сабаққа 12 адам қатысты.
 
Сабақ барысында діни экстремизм мен радикализм ұғымдарына түсінік беріліп, олардың қоғамның тұрақтылығы мен жеке тұлғаға тигізуі мүмкін кері әсерлері түсіндірілді. Сонымен қатар дін атын жамылған теріс идеологиялардың ерекшеліктері мен олардан сақтану жолдары кеңінен талқыланды.
 
Кездесу барысында қазіргі ақпараттық кеңістіктегі діни мазмұндағы материалдарға қатысты мәселелер де қозғалды. Атап айтқанда, әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарында таралған кез келген діни ақпаратқа сене бермей, мәліметті сенімді дереккөздерден алу, күмәнді ақпараттарға сыни тұрғыдан қарау және діни мәселелер бойынша білікті дін мамандары мен дін қызметкерлеріне жүгіну қажеттігі айтылды.
 
Сонымен қатар қатысушыларға діни сауаттылықты арттырудың маңызы түсіндіріліп, радикалды идеологиялардың ықпалына түсу қаупінің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
 
Ашық сабақ барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тақырып аясында пікір алмасты. Еркін пікір алмасу форматында өткен кездесу қатысушылардың діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу бағытындағы білімдерін толықтыруға мүмкіндік берді.
 
Іс-шара соңында діни сауаттылықты арттыру, дәстүрлі діни құндылықтарды дұрыс түсіну және қоғамдағы бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау – баршаға ортақ міндет екені атап өтілді.
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: