Тараз қалалық «Әулие-Ата» мешітінде діни экстремизм мен радикализмнің алдын алу, діни сауаттылықты арттыру мақсатында ашық сабақ ұйымдастырылды.
Ашық сабақ барысында экстремизм, радикализм және терроризм ұғымдарына жеке-жеке түсінік беріліп, олардың ерекшеліктері, негізгі белгілері мен ұстанымдары түсіндірілді. Сонымен қатар аталған теріс идеологиялардың қоғамның тұрақтылығы мен бірлігіне тигізетін кері әсері жөнінде кеңінен айтылды.
Сабақ барысында Қазақстан Республикасының діни қызмет саласына қатысты заңнамалық талаптары жеке-жеке түсіндіріліп, заң талаптарын сақтау қажеттігі ерекше ескертілді.
Сондай-ақ діни ақпарат пен насихатты тек ресми әрі сенімді дереккөздерден алу қажеттігі айтылды. Қатысушыларға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми ақпараттық ресурстары таныстырылып, діни білімді тек ресми сайттар мен ақпараттық платформалардан алуға шақырылды.
Іс-шара соңында қатысушылардың сұрақтарына жауап беріліп, діни сауаттылықты арттырудың, ақпаратты саралап қабылдаудың және күмәнді діни ресурстардан сақ болудың маңыздылығы түсіндірілді.



29 Қазан 2026
17 Джумада-авваль 1448

