Қордай: «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өтті

Қордай: «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Еңбек ауылындағы «Ілияс Жансүгіров» атындағы орта мектепте оқушылармен «Дін мен дәстүр сабақтастығы» тақырыбында кездесу өтті.

Кездесуге Қордай ауданы бойынша «Шығыс» аймағына жауапты ұстаз Атанбаев Нұрсұлтан қатысып, оқушыларға дін мен дәстүрдің өзара сабақтастығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарының рухани тәрбиедегі маңызы айтылды. Сонымен қатар жастарды ұлттық құндылықтарды құрметтеуге, ата-баба дәстүрін дәріптеуге және діни сауаттылықты арттыруға шақырды.

Іс-шара соңында оқушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұстазбен пікір алмасты. Кездесу елдің амандығы мен жас ұрпақтың игілігі үшін дұға жасаумен аяқталды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: