Қордай: «Білім алудағы әдептер» тақырыбында кездесу өтті

Қордай: «Білім алудағы әдептер» тақырыбында кездесу өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданы, Қаракемер ауылындағы «Әбіл Нүсіпбаев» атындағы орта мектепте оқушылармен «Білім алудағы әдептер» тақырыбында кездесу өтті. Кездесуді Қордай ауданы бойынша «Шығыс» аймағына жауапты, «Өтеген» мешітінің ұстазы Атанбаев Нұрсұлтан өткізді.

Кездесу барысында білім алудың адам өміріндегі маңызы, ұстазды құрметтеу, ізденіс пен талаптылық, уақытты тиімді пайдалану және білімге жауапкершілікпен қарау мәселелері сөз болды. Ұстаз оқушыларға білім іздеуде әдептілік пен тәртіпті сақтаудың маңызын түсіндіріп, алған білімді игілікке жұмсауға шақырды.

Сонымен қатар жас ұрпақты үлкенді сыйлауға, кішіге қамқор болуға, мектеп тәртібін сақтауға және жақсы мінез қалыптастыруға үндеді. Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұстазбен пікір алмасты. Іс-шара оқушылардың білімге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: