Қордай: «Мәулітке» орай рухани шара өтті

Қордай: «Мәулітке» орай рухани шара өтті

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қордай ауданында аудандық «Қордай» мешітінің ұстазы Эльмира Аманқожақызының ұйымдастыруымен Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) Мәулітіне орай әйелдер мен қыз-келіншектер жамағатына арналған рухани бас қосу өтті.

Рухани шараны аудандық «Қордай» мешітінің наиб имамы Нұрмұхамед Кеулимжаев ашып, әйелдер мен қыз-келіншектер жамағатын Мәуліт айының келуімен құттықтады. Сонымен қатар Алла елшісі Мұхаммед пайғамбардың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында сыр шертіп, кештің мән-маңызына тоқталды.

Шара барысында аудан ұстаздары Эльмира Аманқожақызы, Малика Аханқызы және Айгүл Жолдасқызы жамағатқа Мәуліт айының қадір-қасиеті, Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) өнегелі өмірі мен көркем мінезі туралы насихат айтты. Кездесу барысында жамағатқа адамгершілік, мейірімділік, бауырмалдық, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету секілді ізгі қасиеттерді өмір салтына айналдырудың маңызы түсіндірілді.

Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен игілігі болсын) сүннетін үлгі етуге, отбасы мен қоғамдағы татулық пен бірлікті нығайтуға шақырылды. Рухани кеш соңында жамағатқа ақжолтай тілектер айтылып, елдің амандығы мен отбасы берекесі үшін дұға жасалды.

Аудандық «Қордай» мешіті баспасөз қызметі

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: